Аккаунтты жою

Zakup AI (ТОО «Zakup AI»): аккаунт пен деректерді қосымшада немесе онсыз қалай жоюға болады.

Бұл бет — ТОО «Zakup AI»-дың Zakup AI қосымшасына (iPhone, Android) арналған. Аккаунт WhatsApp нөмірі арқылы кіргенде құрылады. Оны қосымшада немесе қосымшаны орнатпай-ақ хат арқылы жоюға болады.

1-тәсіл. Қосымшада

  1. «Профиль» қойындысын ашыңызОл төменгі мәзірде соңғысы.
  2. «Аккаунт» бөлімі → «Аккаунтты жою»Профиль→Аккаунт→Аккаунтты жою
  3. Растаңыз«Аккаунтты біржола жоясыз ба?» терезесінде «Жою» батырмасын басыңыз. Аккаунт барлық құрылғыда бірден жойылады.

2-тәсіл. Қосымшасыз — хат арқылы

[email protected] поштасына «Аккаунтты жою» тақырыбымен жазып, аккаунт тіркелген телефон нөмірін көрсетіңіз.

Біреу басқа адамның аккаунтын жоймауы үшін нөмірді растауды сұраймыз — осы нөмірге WhatsApp арқылы хабарлама жібереміз. Растағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жойып, хатпен жауап береміз.

Не жойылады

Не сақталады және қанша уақыт

ДеректерНе үшінМерзімі
Төлем жазбалары: сома, күні, төлем тәсілі, транзакция немесе шот нөмірі — телефонсыз және аты-жөнсізБухгалтерлік және салық есебі5 жыл
Аккаунттың жойылғаны туралы жазба (күні, қызметтік нөмір, сұраныстың IP-мекенжайы)Өтініштің орындалғанын растау және дауды қарау3 жыл
Дерекқордың сақтық көшірмелеріАқаудан кейін қалпына келтіру30 күнге дейін, кейін қайта жазылады

App Store және Google Play арқылы сатып алуларды Apple мен Google өз ережелері бойынша сақтайды — оларды Apple немесе Google аккаунтының баптауларында басқаруға болады.

Сізде не қалады

ЭЦП кілті тек құрылғыңызда сақталады — біз оны алмаймыз және жоя алмаймыз. Кілтті алып тастау үшін оны қосымшада жойыңыз (кілт карточкасында) немесе қосымшаның өзін жойыңыз. Госзакуп порталындағы кабинетіңіз бен заявкаларыңыз сізге және порталға тиесілі — Zakup AI аккаунтын жою оларға әсер етпейді.

Сұрақтар

ТОО «Zakup AI», БСН 261140002450, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғ., 19/2, 60-пәтер. Пошта [email protected], телефон +7 706 406 79 77. Деректер туралы толығырақ — құпиялылық саясатында.